2.11.2022, 16:45
Оқылды: 41

Қытай танымал тұлғаларға тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға тыйым салды

Қытайда танымал тұлғаларға әлеуметтік желілерде, теледидарда және сұхбаттарда бірқатар тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға тыйым салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

17f328ed-ceb9-4f19-a964-12b10eecb75f-960x500

Forbes мәліметінше, тыйым медициналық және білім беру қызметтерін, сондай-ақ жеке репетиторлық қызметтерді, пайдалы тағамдарды, темекі өнімдерін және медициналық жабдықтарды қамтиды. Қытай реттеушілері жарнаманың «қоғамдық мораль мен дәстүрлі ізгіліктерге», ал танымал адамдар «негізгі социалистік құндылықтарға» сәйкес келуі керек деп түсіндірді.

Жаңа ережелер танымал тұлғалардың денсаулығына, байлығын басқаруға және несиелік өнімдерге қатысты жаңылыстыратын жарнамасына қатысты жанжалдар мен қоғамдық наразылықтардан кейін пайда болған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале