12.09.2022, 16:00
Оқылды: 54

Қытай университетінің 500-ге жуық студенті карантинге жатқызылды

Қытайда жоғары оқу орнының 500-ге жуық студенті мен педагогтері коронавирусқа байланысты карантинге жіберілді. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

8

Қытайдың Байланыс университетінің 488 студенті, 19 оқытушысы мен 5 ассистенті жатақханада коронавирустың бірнеше жағдайы анықталғаннан кейін карантин орталығына жіберілді.

Вирусқа тест нәтижесі оң мән көрсеткен адаммен байланыста болған барлық адамды карантинге жіберу Қытайдың «COVID-ке қарсы күрес» саясатының бір бағыты болып табылады.

Карантин орталықтары ретінде далалық ауруханалар, сондай-ақ қайта жабдықталған стадиондар мен көрме орталықтары жасалған. Стадиондар мен көрме орталықтарына қатысты науқастардың лық толы болатыны, тазалығының нашарлығы, бұзылып кеткен тамағы үшін сындар айтылады.

Өткен аптадағы жағдай бойынша, жексенбіде ел ішінде инфекцияның тек 1248 жаңа жағдайы тіркелгеніне қарамастан, Қытайдың 65 миллионға жуық тұрғыны карантинде болды. Олардың көпшілігінде сырқат симптомсыз өтті.
Фото: sfgate.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале