15.08.2022, 11:00
Оқылды: 10

Қытайда тау су тасқыны туристерді шайып кетті

Қытайдың Сычуань провинциясында тау су тасқыны Чэнду қаласының жанындағы танымал демалыс аймағында туристерді шайып кетті. Бұл туралы ТАСС жергілікті "Чжунго синьвэньван" ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

01

Басылымның мәліметінше, Луцаогоу ландшафты парк маңындағы тау өзенінде су деңгейі күрт көтерілді. Салдарынан оның ағындары демалыс аймағындағы бірнеше шатырлы қалашықтарды қиратты. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер саны нақтыланып жатыр.

Оқиға орнына сегіз құтқарушы жасағы шықты. Сондай-ақ, басылым оқиға аймағында алдағы уақытта жауын-шашын болады деп хабарлайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале