25.07.2022, 10:45
Оқылды: 50

Қытайда тікелей эфирде әйелін өртеген ер адам өлім жазасына кесілді

Қытайда әлеуметтік желідегі тікелей эфирде бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, оны тірідей өртеп жіберген ер адам өлім жазасына кесілді. Үкім 23 шілдеде елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN арнасына сілтеме жасап.

3

Жантүршігерлік оқиға 2020 жылғы қыркүйекте болған.

Басылым мәліметінше, Лама мен Тан Лу 2009 жылы некелескен. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шаршаған әйелі 2020 жылғы маусымында ажырасуға арыз берген. Бұл шешімге келіспеген күйеуі бұрынғы әйелінің үйіне барып, үстіне бір шелек бензин құйып, содан кейін оны өртеп жібереді. Қайғылы оқиға кезінде әйел тікелей эфирде отырған.

Кейін Лама аурухана реанимациясына түсіп, денесінің 90 пайызын күйік шалғаны белгілі болды. Туыстары оның денесі "көмір қалдығы" сияқты болып қалғанын айтты. Ал, екі аптадан кейін әйел қаза болған.

Лама әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болған. Тибеттік келіншектің тик-токтағы оқырмандар саны жүз мыңнан асады.

Ол платформада оптимистік постарымен танымал болған. Онда Лама ауылдың тіршілігін көрсетіп, тауларда серуендеп, түрлі шөптер жинап, тамақ дайындап, фонограммамен әндер орындаған. Ол мұның бәрін Тибеттің ұлттық костюмінде және макияжсыз түсірген.

Алайда, оқырмандар оның бұрынғы күйеуінен қысым көріп жүргенін білмеген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале