22.11.2022, 14:46
Оқылды: 29

Қытайда зауытта өрт болып, 36 адам көз жұмды

Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) Аньян қаласындағы зауытта болған өрттен 36 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The paper басылымына сілтеме жасап.

4

Аньян қаласындағы кәсіпорында өрт 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша 16:22-де болған. 3,5 сағаттан кейін ғана өрт сөндірушілер өртті бақылауға ала алды. Сағат 23:00-де өрт толығымен сөндірілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні сағат 06:10-дағы жағдай бойынша өрт салдарынан 36 адам қаза тапты, екеуі хабар-ошарсыз кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алды.
Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт болған жерде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: pix.avax.news

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале