Қытайдан жүктер Қазақстанға жаңа үлгі бойынша тасымалданады. Көрсетілген модель Қытай тарапының талаптарына сәйкес физикалық кездесуді барынша азайтып санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында әзірленген. Сонымен қатар, іске асырылған жаңа форматтағы шекара жұмысының формасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі мен тиісті нормативтік-құқықтық базасы қабылданғаннан кейін жергілікті тұрғындар үшін қосымша 200 жұмыс орнын камтамасыз етті.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде «Евротранзит» ЖШС Қытайдан көліктік-логистикалық орталыққа (TLC) 728 тиісті рейсті жүзеге асырып, Мемлекетіміздің қорына 227.3 млн теңге салық түсіріп отырып. Салыстырмалы түрде келтіретін болсақ, өткен жылдың ағымдағы кезеңінде, Қытайдан тұтыну тауарларын тасымалдаудың үлкен көлемімен орташа алғанда Қазақстан Республикасының көлік компанияларының әрқайсысы бюджетке 1,5 млн.тг. салық түсірген.
Естеріңізге сала кетсек, Қытай тарапынан карантинге байланысты туындаған шекарадан өту ережелері мен жүктерді өңдеу талаптарының күшетілгені Қазақстан Республикасының «Нұр жолы» кеден өткізу пунктісінде көліктердің кептелісіне әкелді. Ең жоғарғы кезеңдерде жүктерді тасымалдау құны 10 есеге дейін, демек 1500-ден 15000 АҚШ долларына дейін өсті, сондыктан да Қазақстан тасымалдаушылары жаппай «Нұрлы-жолға» кеден өткізу пунктісіне бет алды. Бір шақырымға созылатын кезектердің қалыптасуымен «итергіштер» деп аталатындар тарапынан озбырлық басталды. Олардың шекарадан заңсыз өтуге арналған «көлеңкелі» схемаларымен жүргізушілер мен тауарларды экспорттаушылардың кері байланысын тудырды, Қазақстанның транзиттік имиджіне кері әсерін тиігзді, өйткені кезекте алыс шетелдерден (Австрия, Германия, Франция) жүргізушілер де болды. Жағдайды реттеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚХР-мен бірқатар келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде Қытай тарапының күнделікті қабылдауы 20-дан 80 автомобильге дейін өсті.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағында шекаралық ТЛО ашу туралы шешім қабылданды. Осылайша, бүгінгі күні тауарларды қытайлық тіркемелерге тікелей біздің шекарадағы ТЛО-на әкелуге болады, олар кедендік өңдеуден өтіп, тұтыну аймақтарына әрі қарай тасымалдау үшін Қазақстандық көлікке қайта тиеледі. Қазақстандық автомобиль көлігінің бір бөлігінің Қытай жағына өту қажеттілігі жойылды және сәйкесінше «Нұр жолы» кеден өткізу пунктісінде жүктеме азайды.
ТЛО-та қайта жүктелгеннен кейін, жүктер отандық көліктермен Алматыға жеткізіледі және мұндай тасымалдаудың құны 200 мың теңгені құрайды. Өз кезегінде, бұл жағдай компанияларға тіркеме тіркелген Қытай қабылдамайтын көлік құралдарымен табыс табуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты тасымалдаушылар үшін жүк құнын төмендетудің себептері туындады. Осы тұрғыда бұл тұтынушы үшін тауарлар құнының төмендеуіне әсер етеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық, субъективті көзқарас мәселелерін шешетін және адами факторды жоққа шығаратын КӨП-де электрондық кезек енгізілді. GoCargo.kz сайты арқылы алдын-ала кезекке тапсырыс беруге болады. Тасымалдаушылар өткізу пунктіне SMS хабарламалары арқылы келу қажеттілігі туралы хабардар етіледі. Болашақта электронды кезек жүйесінің жұмысын Қазақстанның басқа да өткізу пункттерінде тарату жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, бүгінгі күні шекарада көлеңкелі тасымалдаушылар мен «итерушілердің» үлкен кіріс көздерін тікелей жауып тастаған электронды кезек жүйесін бұзу әрекеттері жасалуда. Жоғарыда қабылданған шаралар нәтижесі Қытаймен сауданың өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ бірқатар міндеттер шешіледі, оның ішінде бұрын жабылған бақылау бекеттерін ашу және жүргізушілерге виза беруді қалпына келтіру.
inform.kz