10.11.2022, 16:45
Оқылды: 48

Қытайдың 3 ірі мегаполисінде коронавирустың жаңа толқыны таралуда

СOVID-19 жаңа толқыны Қытайдың үш ірі мегаполисінде - Гуанчжоу, Чунцин және Бейжіңде таралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

5

ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте материктік Қытайда коронавирусты 9 мыңнан астам адам жұқтырған, оның ішінде Гуанчжоуда - 2,5 мыңнан астам, Чунцинде – 750–ден астам, Бейжіңде - олардың саны 100-ге жетті.

Ведомствоның мәліметінше, оның ішінде 85%-ында ауру белгілері жоқ (симптомсыз). Соңғы күндері Бейжіңде коронавирус инфекциясы өсіп жатыр. Қытай астанасында инфекция қаупі жоғары (жоғары немесе орташа) 200-ге жуық тұрғын аймағы бар. Соңғы аптада коронавирус Қытайдың барлық аймағында таралып жатыр.

Осы жылдың тамыз айынан бастап ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында күрделі эпидемиологиялық жағдай байқалуда. Шыңжаңда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 700-ге жуық жергілікті жағдайы анықталды, оның басым көпшілігі Үрімші қаласына тиесілі.

Фото: netpress.com.mk

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале