27.12.2021, 10:00
Оқылды: 13

Қытайдың мегаполисіндегі COVID-19 таралуын Олимпиадаға дейін оқшаулау жоспарланып отыр

 Дүйсенбіде Сиань қаласында (Қытайдың солтүстік-батысы, Шэньси провинциясы) халықты коронавирусқа жаппай тестілеудің кезекті кезеңі басталады. Бұл туралы қалалық індеттің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі штабтың хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210622101716212e

«Сиань қаласындағы індеттің алдын-алу шаралары әлі де күшейтілген күйінде қала береді. 27 желтоқсаннан бастап коронавирусты тексерудің жаңа кезеңі басталады және қалада эпидемияға қарсы шаралар күшейтіледі», – делінген штабтың хабарламасында. Жергілікті билік Сианьның барлық тұрғындарының үйде болуын талап етеді. Тек COVID-19 сынақтарынан өтуге байланысты ғана үйден шығуға болады. 21 желтоқсаннан бастап Сиань жалпы қалалық коронавирусқа тестілеудің үш кезеңін өткізді. 26 желтоқсандағы жағдай бойынша Қытайда коронавирус инфекциясының 200 жаңа жағдайы тіркелді. Қытай аймақтарының ішінде ең күрделі эпидемиялық жағдай солтүстік-батыстағы Шэньси провинциясында байқалады. Онда соңғы 24 сағатта 152 жағдай анықталды, оның ішінде 150-і Сиань қаласында тіркелген. 9 желтоқсаннан бері Сиань қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале