28.09.2021, 14:45
Оқылды: 41

Қытайдың солтүстік-шығыс өңірлерінде энергетика тапшылығы туындады

Қытайдың солтүстік-шығысындағы үш провинцияның билігі осы аптада бірнеше елді мекенде электр қуатын тұтынуға шектеу қойды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

14
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жақын айларда қысқы аяз жақындап, электр қуатына сұраныс артқан кезде Қытайдың солтүстік-шығыс өңірлерінде (Хэйлунцзян, Цзилинь және Ляонин провинциялары) электр қуатын өшіру жиілей бастайды.

Бұл жағдай көмірдің жетіспеушілігінен және энергожүйеге түскен салмақтан болады.

Yicai басылымының хабарлауынша, Цзилинь провинциясында келесі жылдың наурызына дейін электр қуаты өшіп отырады. Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы Шэньян қаласында өткен аптадан бастап электр қуатын пайдалануға шектеу енгізіле бастаған.

Қаланың кейбір аудандарында бағдаршамдардың жұмыс істемеуінен жол қозғалысы қиындаған.

Қытайдағы көмір тапшылығы отынның осы түрін сатып алу бағаларының өсуіне алып келді. Соған байланысты Қытайдың көмір электр станциялары электр қуатының өндірісін тоқтатып, аса керек жағдайларға үнемдеп қалуды жөн көреді.

inform.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале