8.06.2024, 17:30
Оқылды: 74

Қытығы қатты адамдар шынымен қызғаншақ бола ма?

"Адамның қытығы қатты болса, ол - қызғаншақ" дегенді естіген боларсыз. Алайда оған ғылыми дәлел жоқ. Қытық деген не және оның қызғаншақтықпен қандай байланысы бар?

friendship-6126262_1280Фото: pixabay.com

Қытық деген не?

Қытық - теріде орналасқан жүйке ұштарын ынталандыруға жауап. Ол күрделі сезім және ол жанасуға жауап ретінде пайда болады. Ол күлдіруі де, жағымсыздық сыйлауы да мүмкін.

Қытық екіге бөлінеді:

книсмезис - жұмсақ және жеңіл жанасуға, мысалы, қауырсынға немесе теріде жүріп бара жатқан ұсақ жәндікке реакция ретінде пайда болады;

гаргалезис - күлдіртетін күшті эмоция. Ол бір адамды басқа адам қытықтағанда пайда болады.

Ғалымдар қытықтауды рефлекс ретінде ғана емес, сондай-ақ байланыс орнатудың бір әдісі ретінде қарастырады. Мысалы, көпшілік ата-ана баласын қытықтау арқылы ойнатады. Алайда бала қытықтағанда күлсе, бұл әркез оған ұнайды дегенді білдірмейді. Қытықтағанда адам күледі, бірақ ол оған жағымсыздық сыйлауы да мүмкін. Сондықтан әлі өзі сөйлеп, сезімін түсіндіре алмайтын баланы жай ғана аяғын және ішіп сипау арқылы ойнатқан жөн.

Бір қызығы, өзіңізді қытықтағанда мұндай әсер болмайды. Бұл адамның мұндай сезімге дайын болуымен түсіндіріледі.

Massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале