5.03.2021, 11:30
Оқылды: 50

«Қыз еркем, кестесімен көркем» атты қалалық онлайн байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласының мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты “Жас шебер” балалар аула клубының ұйымдастыруымен «Қыз еркем, кестесімен көркем» атты қалалық онлайн байқауы өтті.

бау2

Байқау мақсаты – әр баланың өзінің ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін мақтан тұтуы, қол еңбегі арқылы жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Байқауға бірлестікке қарасты аула клубтары мен қаламыздың ЖОББ мектеп оқушылары да белсене қатысты.

Байқауға төрелік еткен қазылар алқасы құрамында Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ақын, ұстаз, жұбантанушы, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Үзілдік Елеубайқызы, "Айқанат" қоғамдық қорының облыстағы өкілі, тіл жанашыры Гүлнар Әлжанова, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі Венера Суханберлиева болды.

Байқау өзін-өзі таныстыру, үй тапсырмасы, «Біз кесте», «Баспа кесте», «Оюлап кестелеу», «Маржандап, моншақтап кестелеу» түрлерін пайдалана отырып, композициялық көркем өнер туындысын жасау кезеңдерінен тұрды.

бау

Байқау қорытындысы бойынша “Ақжелкен” балалар аула клубының тәрбиеленушісі Ерболат Еркежан бас жүлде иегері атанды. "Жоғарғы шеберлік" аталымын “Жас қыран” балалар аула клубынан Егізбай Сая, “Өнерлі және шырайлы” аталымын  “Шұғыла” балалар аула клубынан Гумарова Данара және "Сиқырлы ине" аталымын “Алау” балалар аула клубынан Марат Дария иеленді. Байқауға қатысушылар мекеме басшысы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале