10.03.2022, 9:00
Оқылды: 185

«Қыз – өмірдің қызғалдағы»

Жайма-шуақ көктемдегі әйелдер мерекесіне орай «Ана тәрбиесі  -  ұрпаққа  аманат» форумы Орал қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №38  мектеп-лицейінде өз жалғасын  тапты. «Қыз  –  өмірдің  қызғалдағы» атты тәрбиелік іс-шараның басты мақсаты  – қыздар тәрбиесіне көңіл бөлу, байырғы  салт-дәстүріміздегі қыздар тәрбиесін жандандыру.

FC24AE48-71E3-4335-8454-DC2A80E9F080

Мерекелік жиынға келген қонақтар, шәкірттердің ғазиз аналары алдымен «балауыз мүсіндерді» тамашалады. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық киімдер киіп, би билеп, тоқыма тоқып, жүн түтіп, шаш өріп, бесік тербетіп, домбыра тартып, кесте тігіп, ою ойып отырған балауыз мүсіндерге айналды. Құдды бір уақыт кеңістігінде тоқтап қалған байырғы қазақ аруларының бейнесін көргендей болдық.

D83C1E35-3562-48E6-9FBD-4D4DDACFB796

Мектептің акт залында аяулы аналарға, қыздарға, қонақтар құрметіне ғылыми жобалар қорғалды, әндер шырқалды, қазақи стильде киінген арулар сән үлгілерін көрсетті. Шара қонағы, «АйнаХалық» шеберханасының жетекшісі, «Мейірім» аналар клубының мүшесі Айнагүл Халыққызының пікірінше, қыз тәрбиесінде олардың саналарына ұлттық құндылықтарды сіңіру маңызды. «Осы арқылы қыз бала бойында ұлтжандық се­зім, дәстүрге, тарихқа деген құрмет қалыптасады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау керек. Қыз балалар отбасында өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналады. Сондықтан мұндай басқосудың өткізілуі қоғамға қыз тәрбиесінің маңызының жоғарылығын айшықтауға көмектеспек»,  –  деді Айнагүл  Халыққызы.

Альбина Болатова,

мектептен тыс жұмыс орталығындағы «Жас тілші» үйірмесінің  мүшесі,

Орал қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале