28.03.2024, 16:43
Оқылды: 65

Қызмет алушылардың құқықтары қорғалды

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда және өңірлерді дамытуда шешуші рөл атқарады.

ЖП, әкімдік

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменті көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және азаматтардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Кері байланыс тетіктері, соның ішінде шағымдар мен ұсыныстар мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, бұл азаматтарға өз үміттерін білдіруге және алынған қызметтерге қанағаттану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Мәселен, биылғы өткен кезеңде департамент атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 8 шағым келіп түсті, оның ішінде төрт шағым бойынша өтініш берушілердің уәжі өз дәлелін тапты, бұзылған құқық қалпына келтірілді.

Мысалы, департаментке жергілікті атқарушы органның тұрғын үйді жекешелендіруден бас тарту жөніндегі әрекетке қатысты А. есімді азамат шағым түсірді.

Шағымды қарау барысында тексеру жүргізілді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері анықталды. Департаменттің ден қою қорытындысы бойынша азаматқа тұрғын үйді жекешелендіру құқығы берілді.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысындағы департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале