22.08.2025, 16:45
Оқылды: 162

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – басты басымдық

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.

_gluster_2023_3_27_16830c0e4e225a4a63f8eca35f1c883c_1280x720
Азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіп келеді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша, Департаменттің араласуымен 49 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы:
- Ауылдық округ әкімінің аппараты жер комиссиясын өткізуге кворумның болмауына байланысты өтінішті қанағаттандырмаған. Департаменттің ұсынымы негізінде бұл мәселе қайта қаралып, қызмет алушыға жауап берілді.
- Сәулет және қала құрылысы саласына қатысты бірнеше жағдайда, ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісі жер қатынастары бөліміне уақытылы жолданбауына байланысты өтініштер қанағаттандырылмаған. Бұл өтініштер бойынша да тиісті шаралар қабылданып, қызмет алушыға нақты жауаптар ұсынылды.
- Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы «Жарамсыз ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға рұқсат беру» қызметі бойынша өтініштердің тіркелмегені анықталып, Департамент ұсынымы негізінде олар тіркеліп, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңдылықты қамтамасыз ету, сапаны арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыратын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале