19.11.2021, 10:46
Оқылды: 41

Қызметінен босатылады

Биылғы 16 қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында АШМ  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысына қатысты тәртіптік іс, сондай-ақ  мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп қағидаларын бұзудың алдын алу және кеңестің келесі жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды. 

IMG_1890

Алдымен, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде, Сырым ауданына шетелден әкелінген ауыл шаруашылығы жануарларына уақтылы карантиндеу шараларын жүргізбей, соның салдарынан шаруа қожалығына орасан зор шығын келтіру фактісі бойынша осы комитеттің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бауыржан Бисенғалиға қатысты тәртіптік іс қаралды. Нәтижесінде, кеңес мүшелері БҚО аумақтық ветеринариялық инспекциясы басшысының атына ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне қайшы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Б.Бисенғалиға «атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыну шешімі қабылданды. Ал Әдеп кеңесінің ұсынысы талқыланбастан орындалуы шарт.

IMG_1888

Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп қағидаларын бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар  екшеліп, аудан басшылығының есебі тыңдалды. Есепті тындау нәтижесі бойынша кеңес тарапынан  аталмыш аудан әкімі атына мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп талаптарына қатысты бұзушылықтарды болдырмау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Жиын соңында Әдеп жөніндегі кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралып, бекітілді.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале