19.08.2020, 18:07
Оқылды: 113

«Қызыл ай қоғамы» БҚО филиалы қайырымдылық акциясын бастады

19 тамыз – Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні. Соған орай «Қазақстан Республикасының Қызыл ай қоғамы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық сәлем-сауқат» («Добрые посылки») шарасы бастау алды.

222222

Акцияның мақсаты – табыс-кірісі аз, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себетін тарату. Орал қаласындағы Сырым Датов көшесі, 30 мекенжайында орналасқан «Алтындар» сауда желісіне жиналған волонтерлар шаһар тұрғындарына қайырымдылықтың ізгі амал екенін және өмірлік қиын жағдайда қалған тұрғындарға азық-түлік себетін толтыру үшін қолдау білдіру қажеттігін  жеткізді. Өз кезегінде сауда желісінің тұтынушылары арнайы себеттерге азық-түлік өнімдері мен көкөністерді, жемістерді салып, қайырымдылық танытып жатты. Ал волонтерлар қолдау білдірген сол жандарға тұмшалар таратты.

Kyzyl ai (1)

– Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты өңіріміздегі кей отбасылар қаржылық қиындықтарды бастарынан өткеріп жатыр. Біздің міндетіміз – сондай жандарға қол ұшын созып, біреудің мұң-мұқтажына бейжай қарамайтын қала тұрғындарын қайырымдылық жасауға, яғни азық-түлік себеттерін толтыруға шақыру. Волонтерлар күні бойы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, себеттерді толтыруға жәрдемдеседі. Содан соң жиналған азық-түліктерді арнайы жәшіктерге салып, табыс-кірісі аз, көпбалалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мекенжайына жолдайтын боламыз. «Қызыл ай қоғамы» облыстық филиалына хабарласып, көмек сұрайтындар өте көп. Барлығына көмектесуге тырысамыз. Карантин режімі кезінде, яғни сәуір-маусым айлары аралығында өңіріміздің 300-ден астам тұрғынына гуманитарлық көмек көрсетілді. Облысымыздың аудан-ауылдарында да «Қызыл ай қоғамы» облыстық филиалының өкілдері қызмет етеді. Ауылдық елді мекендерден де өтініштер келіп түсетін болса, азық-түлік себетін жіберетін боламыз, – деді «Қызыл ай қоғамы» облыстық филиалының директоры Светлана Тенишева.

                                             Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале