Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.
6 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта ешбір өңір қалмады.
«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.