Азаттық үшін күрескен Алаш азаматтарының аттары аталып, еңбектері еленіп жатқан тұста есімі ескерусіз қалмаса деген ниетпен Омар Алмасов туралы энциклопедиялық ақпарат берсек.
Омар Алмасов кейбір деректерде Ғұмар болып жазылуы мүмкін. Торғай өңірінің тумасы мұғалімдер семинариясында білім алған.
Алғаш 1916 жылғы патша жарлығына қатысты Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды Алашорда өкілдерінің пікірін қолдап дауыс береді.
1917 жылғы 2-8 сәуір күндері өткен Торғай облысы қазақтарының сиезін ұйымдастырушы және хатшысы болған қайраткер.
Сондай-ақ 1917 жылғы 5-13 желтоқсан күндері Орынборда өткен Екінші Жалпықазақ сиезінде Қазақ автономиясын жақтап дауыс бергендер қатарында болады.
1918 жылы А.Байтұрсыновпен бірге Мәскеуге Алаш орда атынан Кеңес үкіметімен келіссөзге барғандардың ішінде Омар Алмасов та болған.
Сол жылы Торғайда Кеңес үкіметін орнатуда алаштықтар мен қызыл әскерлер арасындағы соғыста Омар Алмасов оққа ұшып қайтыс болады.
Зұлқожа Шарафутдинов
zhaikpress.kz