25.07.2024, 11:45
Оқылды: 89

Қызылорда қаласында Қан орталығы ашылды

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты. Іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

82D15AFC-2D41-4DB1-9781-2D943A0AA434

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ескі қан орталығы облыстық көпсалалы медициналық орталықтың ғимаратында орналасқан болатын. Қызметкерлер ондай тығыз жағдайда жұмыс істеу қиын болды, деп еске алады.

«Бүгін біз жаңа Қан орталығының ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Жылына 10 мың адамға қызмет көрсете алатын нысан аймақ үшін үлкен маңызға ие. Біздің басты мақсатымыз — ұлт денсаулығын сақтау. Дені сау ұлт — мемлекетіміздің дамуының кепілі», — деп атап өтті вице-премьер.

Тамара Дүйсенова сөз барысында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау саласындағы шаралар туралы да айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде елді мекендерде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарын салу көзделген. Аудандық ауруханалар да жаңғыртылады.

C76FB000-F87B-406E-84F9-BDDC2320EFC8

Қызылорда облысында жыл сайын өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны донорлық қан тапсырады. Орталықта медициналық ұйымдардың сұранысы бойынша қан компоненттерінің шамамен 17 мың дозасын дайындау жоспарлануда.

Сонымен қатар іс-шарада өңірдің 11 медициналық мекемесінің басшыларына 70 санитарлық автокөліктің кілті табысталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале