14.08.2024, 23:00
Оқылды: 98

Қызылорда облысында пара орнына жоңышқа алған қос полицей сотталды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында екі полицей сотталды. Олар әрқайсысы екі жылдан жаза арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің территориясында Өзбекстан азаматтары жұмыс істеп жүрген.

Қармақшы аудандық сотының мәліметінше, полицейлердің бірі еңбек мигранттарына жалпы қамқорлығы мен жол берушілігі үшін шаруа қожалығының төрағасының көмекшісінен заңсыз сыйақы алу ниеті туындаған. Осылайша, шаруа қожалығы басшысы полицейлердің екеуіне де 200 данадан пресстелген жоңышқа шөбін пара ретінде берген. Салдарынан жәбірленуші А.-ға 160 000 теңге мүліктік шығын келтірілген. Осылайша, Н. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара берушінің пайдасына жасалған қамқорлығы үшін пара алса, Қ. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдесіп, құқық қорғау органының қызметкерінің пара алуына көмектескен.

"Сот үкімімен Н. ҚР ҚК-нің 366-бабы 1-1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қ. ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 366-бабы 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Н. полиция подполковнигі шенінен және Қ,. полиция майоры шенінен айырылды"- деп хабарлайды Қармақшы аудандық соты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале