22.01.2025, 18:15
Оқылды: 25

Қызылшамен аурушаңдықтың төмендеуі байқалуда

2024 жылы облыста қызылшамен эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Жалпы облыста қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі 2023 жылғы наурыздан бастап байқалады.

Н Мұстаев

Облыста 1302 қызылша жағдай тіркелді, 2023 (477 жағ.) жылмен салыстырғанда аурушаңдылық 2,7 есеге өсті.

Сонымен қатар облыс бойынша балалар арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Науқастардың негізгі үлесі – 63,1% (822 жағ.) 14 жасқа дейінгі балалар, 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 164 жағ. (12,5%).

Қызылша ауруы барлық аумақтарда тіркелді. Аурушаңдылықтың басым бөлігі және облыстық көрсеткіштен жоғары Орал қаласында. Аурушаңдылықтың өсуі мен таралуының негізгі себебі медициналық қарсы көрсетілімдер мен профилактикалық егуден бас тарту себебінен халық арасында иммундық емес қабат қалыптасуы болды. Қызылшаға күдікті жағдайлардың барлығы зертханалық тексеріліп, барлығы  зертханалық жолмен расталды.

Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі.

Ауру байланыс және ауа арқылы ауа-тамшы жолымен таралады. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде түкірікпен бөлінеді.

Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Ең маңыздысы – ауру суық тию белгілерімен басталады, белгілері: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы - вакцинация. Қызылшаға қарсы егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет қалыптастырады. Ең алғашқы вакцинация балаларға 12-15 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу тұрақты иммундық қорғанышты қалыптастырады. Қызылшаға қарсы қосымша егулер науқаспен қатынаста болған қызылшаға қарсы егілмеген адамдарға эпидемиологиялық көрсетіліммен 30 жасқа дейінгі адамдарға салынады.

Нұрлыбек Мұсаев,

Батыс Қазақстан облысы

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысының орынбасары 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале