9.04.2021, 11:42
Оқылды: 23

Латын әліпбиіне көшіру жұмыстары жалғасуда

Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобасы аясында өткен жылы бірқатар жобалар жүзеге асты. Оның ішінде 2020-2025 жылдарға арналған «Мемлекеттік тіл және Қазақстан халқының тілдері» мемлекеттік бағдарламасының жобасына ұсыныстар жинақталды.

42E1CB64-AA49-4B6F-97DE-559149B5BF15

Былтыр қалалық, аудандық, ауылдық округтерді қамтыған әртүрлі форматтағы (интеллектуалдық, викториналық ойындар, сайыс-сабақтар, ақпараттық-танымдық кездесулер, кітап көрмелері, диктанттар, онлайн-тренингтер, блиц-сауалнамалар, дебат сайыстары) 30-дан астам іс-шара жүзеге асырылып, 2 мыңға жуық адам қамтылды. Оның 20-дан астамы онлайн форматта өтті. Одан бөлек интернет желісіндегі zoom қосымшасы арқылы «Латын әліпбиін білу – заман талабы», «Кітапханаларда латын әліпбиіне арналған бұрыштар, библиографиялық ақпарат қорларын жасақтау», «Латын әліпбиі – болашақ таңдауы», «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» атты шаралар болды. Сондай-ақ «Латын графикасына көшу – заман  талабы», «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты онлайн семинарлар мен дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылды.

Өткен жылдың 14 ақпан және 5 наурыз күндері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде тілші-ғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиін ашық талқылау бойынша жиындар өтті. Талқылау
барысында ғалымдар болашақ әліппені барынша жетілдірудің қажет екендігі айтылды. Ал  қазан айының соңында қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бойынша кейбір диакритикалық таңбаларды қолданудың тиімді-тиімсіздігін анықтау мақсатында жоғары және арнаулы оқу орындарындағы филолог мамандар, мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері арасында сынама сабақтар ұйымдастырылды.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшудің «оқиғалар қатары» іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 60-тан астам материал республикалық, жергілікті баспа беттерінде және танымал әлеуметтік желілерде жарияланды.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ресми интернет-ресурсында ашылған «Пайдалы сілтемелер» атты арнайы айдарға Qazlatyn.kz, Еlatyn.kz, Termincom.kz, Qazlatyn.kz, Sózdikqor.kz, Til-qural.kz, Tilalemi.kz» сайттарына сілтемелер бағыты, ережелер мен қайта кодтаушының онлайн нұсқасы орнатылды. Ал биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төрт жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың кепілі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

 Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале