8.11.2024, 17:30
Оқылды: 149

Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконгта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_1231

Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші нәтиже көрсетті. Айта кетсек, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирде еліміздің атынан алты спортшы бақ сынауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале