Зеленов ауданы Мичурин ауылының тұрғыны К.-ның үйіне ұрлық жасалды.
Үйге енген белгісіз біреу «LG» үй кинотеатрын қолды қылып, мүлік иесіне 250 000 теңге шығын келтіріп отыр.
Аудандық ішкі істер бөлімі хабарлағандай оқиға орнынан саусақ және аяқ киім іздері анықталды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Д.ДЕРБІСАЛЫ
Зеленов ауданы