Бүгін М.Өтемісов атындағы БҚУ-да «Тәуелсіздік қасиетті құндылық: ел болашағы мен халық еркіндігі» тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті.
Аталған университеттегі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен БҚО ҚХА бірлесіп ұйымдастыруымен өткен конференцияға БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, қоғам белсенділері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.
Ғылыми конференцияда Тәуелсіздіктің қасиеті мен құндылығы туралы сөз қозғалып, ел болашағы мен халық еркіндігі жөнінде ғылыми тұжырымдар айтылды.
– Бүгінгі конференцияда еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы саяси, тарихи, мәдени және экономикалық дамуының негізгі мәселелері мен Қазақстанның және әлемнің өркениеті жөнінде айтылды. Жаһандану және интеграциялану жағдайындағы еліміздің көпвекторлы сыртқы саясаты бағытында сөз қозғалды, - дейді БҚУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Тұрар Шайхиев.
zhaikpress.kz
Суреттерді түсірген: Мәди Салық