24.07.2023, 11:00
Оқылды: 34

Мәдениет және спорт министрлігі үш букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою үшін жұмыс жүргізіп жатыр

Мәдениет және спорт министрлігі үш букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері заңнаманы бұзған бес букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы министрліктің telegram каналында хабарланды.

ЖП ақша 2

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы букмекерлік кеңсе саны 2 еседен астам қысқарды. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері - 12.

Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмысын жүргізіп отыр. Мысалы, соңғы үш жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

«Министрдің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін үш заң жобасы әзірленді. Сондай - ақ біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале