1.08.2025, 12:00
Оқылды: 125

Мадхия Усманова әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп жазады olympic.kz

1753978646

Сурет: olympic.kz

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Усмановаға бұл жолы тең келетін қарсылас табылмады. Финалда ол Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ал 43 келіге дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек те алтын медаль жеңіп алған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале