Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл. Соғыста ерлігімен көзге түсіп, неміс басқыншыларын кері шегіндіруге өз үлесін қосқан майдангер жерлестеріміздің қатарында марқұм Қисым Нұрмұханов та бар. Алдағы мамыр айында атамыз тірі болса, 100 жасқа толар еді.
Баршаға бейбіт күн сыйлаған Қисым Нұрмұхановтың майдан даласындағы жүріп өткен жолдары, елдегі еңбектегі ерен істері жөнінде БҚО мемлекеттік архиві Жалпақтал филиалының директоры Миржан Қарабалин облыстық «Орал өңірі» газетінің №91 санында шыққан «Майданнан келіп, мал баққан» мақаласында тереңнен баяндайды.
zhaikpress.kz