20.09.2024, 13:00
Оқылды: 106

Маймыл шешегіне қарсы вакцинаны сатып алудың қажеті жоқ – министрлік

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы вакцинаны бекітті. Бұл өз кезегінде 20 мыңға жуық адам ауру жұқтырған Африкадағы індеттің таралуына тосқауыл қоюға көмектеседі. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

D4062620-9B4B-45A2-B0CB-91C0A9365CEF

Сурет: istockphoto.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жағдайдың тұрақты екенін және вакцина сатып алудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

«Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанға маймыл шешегін жұқтырған науқастардың келу жағдайы тіркелген жоқ. Ел аумағында тиісті мониторинг ескерілген және мемлекеттік шекарадағы санитарлық-карантиндік бекеттерде бақылау күшейтілді. Сондықтан қазір вакцинаны сатып алудың қажеті жоқ», - делінген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Аталған ведомство туристер бұл індетті жұқтырмас үшін қандай алдын алу іс-шараларына мән беру керек екенін еске салды. Шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға осы талаптарды ұстану қажет:

- аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды зерделеу;

- індет жұқтырған адамдарға жақындамау;

- науқастарға күтім жасау кезінде маска тағып, арнайы қолғаптарды пайдалану;

- ауру белгілер болса, дереу дәрігерге хабарласу;

- шетелден оралғаннан кейін 21 күн ішінде симптомдар пайда болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініп, осыған дейінгі саяхат туралы хабарлау керек.

Еске салсақ, жақында даниялық Bavarian Nordic A/S компаниясының MVA-BN вакцинасы маймыл шешегіне қарсы алғашқы екпе болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале