27.06.2023, 9:15
Оқылды: 40

Майраның «Ән бағы»

Жақында «Атамекен» өнер ордасында ҚР Мәдениет саласының  үздігі, танымал әнші  Майра Хайдарованың «Ән бағым» атты шығармашылық кеші өтті. 

111-9

Облыстық мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткен концертке халық көп жиналды.

Ән кешінде Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, «Ән қанатында» вокалды аспаптық ансамблі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке», «Салтанат» би ансамбльдері, «Әгугай»  вокалдық тобы және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері, әнші-сазгер Жаскелең Ғайсағалиев пен Марат Сарбөпеев, сондай-ақ әнші Майраның қызы Айым Шекеева өнер көрсетті. Отыз жылға жуық  өнер жолында жүрген әнші бүгінде Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда қызмет етеді.

Шығармашылық кеште әншінің қос қызына арналған «Ақ  тілегім» және  «Бауырларым» атты жаңа әндерінің  тұсауы кесілді.

Киелі Қаратөбе өңірінде дүниеге келіп, шырайлы Шыңғырлауда өнер жолын бастап, халықтың сүйікті әншісіне айналған Майра Хайдарованың кеші жоғары деңгейде өтті.

 

Гүлжан Ғалым

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале