21.05.2024, 15:15
Оқылды: 65

«Мақашева» театры жаңа премьера ұсынды

Орал қаласының білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-ны «Мақашева» драма үйірмесі және театры көрерменді жаңа премьерамен қуантты.

85a53b5c-fd93-40e6-82e5-d8aeca29637f

Биыл Сатирик Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл. Оспанхан Әубәкіров республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен айналысқан.

Осыған орай «Мақашева» драма үйірмесі және театры қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» ертегісін көрерменге ұсынды.

Бұл ертегі балаларға салт-дәстүрді дәріптеу арқылы жалқау еріншек болмауға, спортпен шұғылдануға тәрбиелейді.

730d23e4-c666-4c30-ad3a-cfe7168b1826

Жақында өнерпаздар «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-байқауының қалалық байұауына қатысып Е.Шварц «Күнбике» ертегiciн сахналап бірінші орынды жеңіп алды.

Жақсы өнер көрсеткендері үшін театр өнерпаздары Оқушылар сарайының директоры Шолпан Серікқалиқызының атынан марапатталып, алғысхаттар табыс етілді.

5dbf5a1f-56f7-4f0a-9dcd-2c9a19fa03eb

Қойылымның режиссері - ҚР мәдениет саласының үздігі Эльмира Жұмажанқызы.

Қоюшы суретшісі - Медет Галимов.

Костюм ұсынған - Мағрипа Мулдашева, Алтынай Гайсина.

Ал музыкамен әрлеген Шыңғыс Тасқали болса, Ерсұлтан Аманқосұлы жарық қойды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале