Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай ел болашағы – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөліп, олардың барлық жағынан дамуын жан-жақты қолдау мақсатында Орал қалалық білім беру бөлімі «Оқушылар сарайы» МКҚК-ның «Мақашева» театрында «Ауыл итi - Ақбай» атты жаңа қойылымның тұсаукесері өтті.
Қойылым авторы атақты татар жазушысы, драматург Туфан Миннуллин болса, қоюшы режиссері ҚР мәдениет саласының үздігі актриса, аудармашы Эльмира Мақашева, қоюшы суретшісі Медет Галимов, балетмейстері Гүлдана Қадерова.
Бұл қойылымның жанры ертегі болғанымен, ауыл мен қала өмірі, жаңа достар табу, тiршiлiкте болып жатқан шытырман оқиғалар астасып жатады, қиялмен өріледі.
Сахна төріне көтерілген облыстық «Самал» балалар газетінің бас редакторы Жұмажан Қадимұлы құттықтау сөз сөйлеп, өнерлі балғындарға ыстық лебізін білдірді.
Сонымен қатар Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Нұржан Қадержанұлы жас таланттарды театр өнеріне баулып жүрген ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса, аудармашы, «Макашева» театрының жетекшісі Эльмира Жұмажанқызының еңбегін ерекше атап өтсе, қойылымды тамашалаған «Алтын домбыра» иегері, Ақ Жайықтың айтыскер ақын қызы Жансая Ғалымжанқызы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Рита Бекжанқызы алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Айта кету керек, жас өнерпаздар Нұрдәулет Жусупов, Айкөркем Меңдібаева, Айгерім Марксова, Аружан Тлекқабылова, Әлішер Ерболат, Саян Тұрарбек, Наргиза, Елдосова, Султана Серiкова т.б рөлдерін өте сәтті сомдап шықты.
Бұл «Ауылдың иті - Ақбай» ертегісі театр ашылғаннан бері қойылған екiншi премьера.
Үлкен дайындықпен ұсынылған қойылымға көрермендер қошемет көрсетіп, театр әлеміне деген қызығушылықтарын жеткізді.
Театр алдағы уақытта өз көрермендерін басқа да қойылымдарымен қуантпақ.
zhaikpress.kz