19.09.2025, 9:00
Оқылды: 232

Мақсат - үздік бестік

Төрт жылда бір рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын республикалық ауыл спорты ойындары бәсекелері күннен күнге қызып келеді.

3293bdb0-bfba-44ab-abf8-5e64d8f5b456

Бәсекенің басталғаны кеше сияқты еді. Алты жарыс күні өтіп кетіпті. Кешенді додада ел өңірлерінен келген мықтылар бақ сынап, тартысты бәсекелер өрбуде. Биылғы жарыстың басты ерекшелігі сол: әр өңір тыңғылықты дайындықпен келген. Оның үстіне қатысушылар саны да әдеттегіден көп. Қазіргі таңда жарыс бағдарламасына енген 20 спорт түрінің 19-ында бәсекелер қызды. Шалғай ауылдан шыққан спортшылар өз шеберлігін көрсетіп, туған топырағының абыройын қорғап жатыр.

af566eca-d364-475d-9923-689e14f9e115

Алты күн бойы өткен жарыстарда өңір спортшылары тәп-тәуір нәтиже көрсетті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов «Ақ бидай» ойындарының ашылу салтанатында аймақтан келген журналистерге берген сұхбатында:
– Біздің мақсат – үздік бестікке ену. Бұл – орындалуы мүмкін міндет. Осы кезге дейінгі жарыстағы нәтижелерді жақсартуымыз керек, – деді.

Алғашқы нәтижелер – үмітке негіз бар

Бірінші жарыс күнінде додаға түскен құсбегілер командалық есепте 5-орынға тұрақтады.

a65a935f-1a21-412b-9226-63dcfac861e9

Ал бәйге спортынан сынға түскен шабандоздар командалық 3-орын иеленді. Алайда қол күресінен нәтиже орташа. Өңірдің білекті спортшылары 10-орын алды.

a6e306cc-e6dc-477c-9350-1abcffe0b552 9c8559f9-9248-4977-9f4b-9ec76160acaa
Аударыспақшылардың дайындық деңгейі жоғары болғаны байқалды. Олар 2-орынға қол жеткізсе, көкпар командасы 13-орынмен шектелді. Әйелдер волейболы – 14-орын, асық ату – 13-орын, бес асық – 8-орын көрсеткішімен жарысты аяқтады.
Жекпе-жек спорт түрлерінен де оң нәтиже бар. Кикбоксинг – 7-орын, жекпе-жек сайысында өңір спортшылары 3-орынды еншіледі.

WhatsApp Image 2025-09-15 at 14.51.27 (3) WhatsApp Image 2025-09-15 at 16.48.32 (2)
Жамбы ату бойынша 5-орын, ал дәстүрлі садақ атуда ерлер 1-орын, әйелдер 3-орын иеленіп, команда қоржынына маңызды ұпай түсірді.

Қазақ күресі палуандары мен тоғызқұмалақшылар жолына үмітпен қарап отырмыз

Қазақ күресінде өңір спортшылары алғашқы күннің өзінде-ақ 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалады. Бұл – жалпыкомандалық есептегі көрсеткішті жақсартуға жол ашатын маңызды нәтиже. Енді жеңіл және орта салмақтағы палуандарға үміт артамыз.

WhatsApp Image 2025-09-18 at 18.34.57 WhatsApp Image 2025-09-18 at 18.07.04 (1)
Тоғызқұмалақшылар да жарысты жалғастырып жатыр.

Командалық спортта шешуші сәттер жақын

Шағын футболшылар жартылай финалда. Енді олар Қарағанды облысының құрамасымен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.

26d8734a-224e-4c57-9f9e-d34c429220d4 0fa85190-e8d7-4ff4-a5bb-8f5e50392b58

Ал ерлер волейболы командасы жартылай финалда жеңіліс тапқанымен, қола жүлде үшін таласқа түсетін болады.

Гір көтерушілерде үмітті ақтауы керек

Соңғы болып жарыс алаңына келген гір тасын көтерушілер мандаттық комиссиядан өтеді. Бұл спорт түрінен де өңір намысын абыроймен қорғайтын, үмітті ақтайтын саңлақтар аз емес. Тек бабы келсе болғаны.

Қорыта айтқанда

Қыркүйектің 21-і күні мәресіне жететін «Ақ бидай – 2025» ойындары – ауыл спортшыларының шыңдалу алаңы ғана емес, нағыз ұлттық рухтың мерекесі. Қазіргі нәтижелерге қарап-ақ өңір құрамасының үздіктер қатарына кіру жолында аянып жатпағанын көруге болады. Ендеше сәттілік!

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Фото: Мейірбек Тажқұранов

Көкпар жп Мейірбек WhatsApp Image 2025-09-16 at 13.01.27 WhatsApp Image 2025-09-16 at 14.04.43 (1) WhatsApp Image 2025-09-16 at 18.17.48 WhatsApp Image 2025-09-16 at 18.17.48 (1) 078a3df7-14d5-4279-bebf-d6b39548292e WhatsApp Image 2025-09-17 at 12.17.04 WhatsApp Image 2025-09-17 at 12.45.58 WhatsApp Image 2025-09-17 at 15.39.43 (2) WhatsApp Image 2025-09-17 at 15.39.43

WhatsApp Image 2025-09-18 at 18.07.52 WhatsApp Image 2025-09-14 at 19.50.58

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале