Мал шаруашылығын дамытуда жайылымдық жерлерді қолданысқа енгізудің маңызы зор. Бұл, әсіресе малмен нәпақасын тауып отырған тұрғындардың, мал шаруашылығы арқылы елдің әлеуметтік-экономикасының дамуына үлес қосып жүргендердің игілігі үшін қажет. Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, өңірдегі жайылымдық жерлердің аумағы – 10 млн. 161 мың гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілгені – 5710 га, елді мекен шегінде – 2164,8 га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман қоры жерлерінде – 18,5 га, су қоры жерлерінде – 7,4 га, босалқы жерлерінде – 2260,6 га.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 4 мамырдағы №36 санынан оқи аласыздар.
Ясипа Рабаева,
zhaikpress.kz