27.01.2017, 19:13
Оқылды: 34

Мал терісі өзімізде өңделмек

Akim foto  Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов ірі қара жəне ұсақ малдардың терісін өңдейтін жобаны қолға алған «Пош Руно» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс барысымен танысты.


  Қолға алынған жобаның қазіргі жағдайына келер болсақ, испандық және италияндық құрал-жабдықтар сатып алынып, зауыт ішінде монтаж жұмыстары жүргізілуде.

  Қазір құрылысына 40 жұмысшы жұмылдырылса, жоба толық жүзеге асқанда 84 жұмыс орынға дейін жетпек. Зауыт жұмысы толық күшіне енгенде жылына 182 мың ірі қара, 624 мың ұсақ малдың терісін өңдейтін болады.

  «Экономиканың аграрлық саласы дамыған біздің өңіріміз үшін бұл – бірегей жоба. Малшаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін қосымша кіріс көзі де болады», - деді облыс әкімі А. Көлгінов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале