14.09.2021, 12:05
Оқылды: 99

Мал тұқымын асылдандыру қарқын алған

Бүгінде Бөкей ордасы ауданындағы шаруашылықтарда 84 мыңдай мүйізді ірі қара, 89 мыңға жуық қой мен ешкі, 30 мыңнан астам жылқы және  1053 бас түйе малы өсірілуде.

3

Сондай-ақ аталған ауданда шет елден асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналығын сатып алуға, яғни импорттауға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ресей, Белоруссия мен Венгрия елдерінен шаруа қожалықтары соңғы үш жылда 1083 бас герефорд және ангус тұқымының қашарларын сатып әкелсе, биылдың өзінде 250 бас ангус сатып алынған.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингде Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов мәлімдеді.

- Мал шаруашылығындағы жүйелі жұмыстар мен оң нәтижелер мал басын асылдандыруға жақсы әсерін тигізіп келеді. 2014 жылы ауданда жеті асыл тұқымды шаруашылық болса, қазіргі таңда олардың саны 25-ке жетіп отыр. Бағымдарында 10 мың бас мал өсірілуде. Жыл сайын ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Соңғы 10 жылда лизингке және қолма-қол қаржыға 587 әр-түрлі ауыл шаруашылық техникалары алынды, оның 239-і трактор,-деп атап өтті аудан әкімі.

Н.Даумовтың мәлімдеуінше, аталған өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға да айрықша көңіл бөлінуде. Күні бүгін ауданда 1087 шағын және орта бизнес өкілдері тіркелген болса, олар 2130 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ 292 кәсіпкерлік нысаны тіркелген болса, олардың басым бөлігі азық-түлік саудасымен, мейрамхана және тамақтаны орындарымен, нан және нан өнімдерін дайындаумен, дәріхана, іс тігу, шаштараз, көлік жөндеу секілді бизнес түрлерімен шұғылдануда.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале