11.02.2026, 15:00
Оқылды: 14

Мал ұрлығы бойынша ресми мәлімет

Облыс аумағында мал ұрлығы сәл саябырсығандай сыңай танытқанымен, әлі сап тыйылып, айылын жия қойған жоқ. Осыған байланысты құзырлы құрылымдардың дерегіне сай оқырман назарына ақпаркесте ұсынып  отырмыз.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 18.05.42 (1)

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті БҚО бойынша департаментінің мәліметіне қарағанда, 2023-2025 жылдары мал ұрлығына қатысты 356 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Былтыр 41 іс сотқа жолданды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша 2025 жылы мал ұрлығының 79 дерегі есепке алынды. Оның ішінде жайылымда жүрген түлікті қолды қылуға қатысты 76, қора-қопсыдан ұрлауға қатысты 3 дерек тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 44 адам ұсталып, 8 қылмыстық топтың жолы кесілді. 2024 жылы 70 ұры, 9 қылмыстық топ қолға түсті.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 18.05.42

Облыс аумағында қараусыз жүрген малды уақытша ұстауға арналған 125 арнайы орынға 2025 жылы 7 774 бас мал қамалды. ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша («мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдау») 566 азаматқа қатысты материалдар ветеринариялық мекемелерге жолданып, олардың 343-і әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале