30.04.2025, 12:15
Оқылды: 693

«Мамандар галереясы»: балалар шығармашылық орталығында 86 педагог сабақ береді

«Мамандар галереясының» бүгінгі шығарылымында Ақжайық ауданындағы балалар шығармашылық орталығы туралы жазбақпыз.

жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (2)

Ақжайық ауданындағы балалар шығармашылық орталығы 2005 жылы БҚО Ақжайық ауданы әкімдігінің 4 сәуірдегі №87 қаулысы негізінде құрылды. Биыл орталыққа 20 жыл толды.

Орталық аудандағы үш қосымша білім беру мекемесінің бірі. Орталықта  балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген.

жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (4)

Қазіргі таңда аудан бойынша 17 бағытта үйірмеге 2 348 оқушы қатысады. Оларға 86 педагог сабақ береді. Үйірмеге қатысушы оқушылар аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейдегі түрлі бағыттағы байқауда жүлделі орын алып жүр.

Орталықты 2000-2010 жылдары Серікқали Құсайынов, 2010-2015 жылдары Жанат Утемисова, 2015-2023 жылдары арасында Руслан Есеналиев, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Армангүл  Хамзина басқарады.

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов,

zhaikpress.kz

жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (1) жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (3) жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (5) жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (6) жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (7) жп мамандар галереясы ЦБР АКЖАЙЫК (8)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале