30.07.2021, 9:42
Оқылды: 99

Мамандарға қолайлы бағдарлама

ҚР  Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2009 жылдың 1 шілдесінен  бері «Дипломмен  ауылға»  әлеуметтік  бағдарламасы  іске  асырылып келеді. Бұл бағдарлама  ел  болашағы  –  жастарымыздың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып,  баспана  алып,  өмірден  орындарын  табуларына,  сондай-ақ  ауылдық  елді  мекендерді  денсаулық  сақтау, білім  беру, әлеуметтік  қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және  ауыл  шаруашылығы  салаларының жас  мамандарымен  қамтамасыз  етуге  қолайлы  мүмкіндік  беруде. Осы  орайда аталған  бағдарлама қаншалықты тиімді, ол Бөрлі ауданында қалай  жүзеге  асырылып  жатыр? Бүгінгі мақаламыз осы тақырып төңірегінде өрбімек.

 WhatsApp Image 2021-07-30 at 09.35.04

Аталған бағдарламаның елімізде қолға алынғанына 12 жылдай уақыт болды. Бүгінде ауылдық жерде жұмыс жасауға бел буған мұғалім, медицина, спорт және дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласының қызметкерлері және ветеринария мамандары аталған бағдарламаның игілігін көруде. Сонымен қатар биылғы жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен ауылдық әкімдік аппаратында жұмыс жасайтын мамандар да аталған бағдарламаға қатыса алады екен.

Бағдарламаға өтінім берген мамандар 1500 АЕК немесе  4 375 000 теңге көлемінде үстемеақыға немесе тұрғын үй алуы үшін 100 АЕК, яғни 291 700 теңге көлеміндегі қаржылай көмекке ие бола алады.

Ең бастысы – бұл бағдарламаға қатысқысы келетін адамның оқу орнын тәмамдағандығы туралы дипломының болуы шарт. Сонымен қатар ол  ауданға аса қажетті мамандық иесі болуы керек. Көпшілік «Дипломмен  ауылға» бағдарламасы тек қана жастарға, жоғары оқу орнының биылғы түлектеріне арналған  жоба» деп түсінеді. Бұл  дұрыс емес пікір, қате түсінік. Бағдарламаға қатысу үшін жап-жас болу, университет немесе институтты енді бітіру міндет емес. Жас ерекшелігінде шектеу жоқ. Маманның оқуды қашан аяқтағаны да маңызды емес. Ең бастысы, ауылды көркейтуге үлес қосуды мақсат тұтып, ауыл үшін қызмет еткісі  келетін әлеуметтік саланың маманы болуы тиіс.  Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының және мал дәрігері маманы мен мемқызметкерлер  қатыса алады.

Айта кетейік, аталған жоба жүзеге аса бастаған кезден бері Бөрлі ауданы бойынша 853 жас маман осы бағдарламаға қатысуға өтінім беріпті. Биылғы жылдың өзінде 103 маман бағдарламаға қатысуға ниет білдірсе, соның ішінен 75 маманға 21 877 500 теңге көлемінде көтерме үстемеақы төленген. Сонымен қатар 28 маманға
122 514 000 теңге көлемінде бюджеттік несие беріліпті.

Егер сараптама жасап көрсек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қолдауын көрген мамандықтардың арасында бірінші мұғалімдер, екінші дәрігерлер, сосын ауыл шаруашылығы және аз мөлшерде спорт саласының мамандары бар. 2009-2020 жылдар аралығында білім беру саласына жұмысқа орналасқан 534, денсаулық сақтау саласын таңдаған 159, ауыл шаруашылығы саласында өз қызметін бастаған 21 және спорт саласындағы 17 жас маман  аталған бағдарламаның игілігін көрген.

Биылғы жылы аудан бойынша 34 маманға бюджеттік несие беру мақсатында 149 млн теңге, 85 маманды көтермеақымен қамтуға 25 млн теңгеге жуық қаражат қаралған. Бүгінгі күнге дейін 28 маманға 122 млн теңге көлемінде бюджеттік несие төленген.

Олардың қатарында 23 білім саласының қызметкерлері денсаулық сақтау – 1 мәдениет – 1 спорт – 1 мемқызмет салаларынан – 1 Сонымен қатар 75 маманға көтермеақы берілді. Күні бүгінге дейін бұл бағдарламаға қатысушылардың 74%-ын әйел азаматшаларды құрап отыр. Жалпы, өтінім берушілердің 70%-ы жас мамандар санатынан екен.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бірінші кезекте ауылдық жерді таңдап, өз қызметін енді бастаған мамандардың баспаналы болуына көп септігін тигізеді. Сонымен қатар ұсынылатын көтермеақының көмегімен көшу шығындарын жауып, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын ала алады. Бағдарлама туралы толыққанды мәлімет алу үшін мамандар жұмыс күндері Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі 99 мекенжайы, 109-бөлмеге жолығуларына болады. Байланыс телефондары: 8711 33 20 888.

Ержан Иманов "Дипломмен-ауылға" бардарламасымен 2019 жылы ауылдық жерге келіп, Приуралье елді
мекенінде спорт саласының әдіскері ретінде қызметке кіріскен. Келер жылы аталған бағдарламаның аясында баспаналы болып, көтерме ақы да алған.

Айна Жарылғасова бүгінде Бөрлі колледжінде техникалық пәндердің ұстазы болып жұмыс жасайды. Ол "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының игілігін көрген жас мамандар қатарында.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының Бөрлі ауданы бойынша жүзеге асуы 2021 жылғы 14 шілдеге ақпарат

Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны - 35200 болса, соның 1800-і жұмыссыз ретінде  тіркелді.

Бүгінгі күнге 1175 адам жұмыссыз ретінде есепке алынды.

Жұмысынан айырылған жағдайға жәрдемақы алатындар – 724 адам.

2021 жылы Бөрлі ауданы бойынша 4 бос  орындар  жәрмеңкесі (онлайн түрде) өткізілді.  Жұмыс берушілерден 144-тен астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жұмыссыздық деңгейі – 3,3%-ды  құрайды.

Бағдарламаның 1-бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша.

2021 жылға аудан бойынша 30 адамды қысқа мерзімді кәсіби оқуға 9 млн  теңге бөлінді. Бүгінгі таңда  34 жұмыссыз азаматтар оқуға жолданды. Соның ішінде 5-еуі оқуын аяқтап, оқыған мамандықтары бойынша (әлеуметтік қызметкер, дәнекерлеуші, тәрбиешінің көмекшісі, 1С есепші) тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдат Кульбаева, 1999 жылы дүниеге келген. Бағдат 2018 жылы Ақсай техникалық колледжі бойынша аспаз мамандығын бітірді. Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды оқуға ниет білдірді. Биыл мамыр айының 18-де «Уральский Центр Обучения» ЖШС-да тәрбиешінің көмекшісі бойынша оқуын бастады. 18 маусымда  оқуын аяқтап, сертификатын алды. Шілде айынан бастап №3 «Гүлдер» Ақсай қалалық балабақшасына тәрбиешінің көмекшісі ретінде тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның 2-бағыты «Жаппай кә-сіпкерлікті дамыту» бойынша.

Аудан бойынша "Бизнес Бастау" бойынша оқуға 85 адам жоспарланса, 81 адам  қысқа мерзімді курсқа жіберілді.  Бүгінгі таңда  98 адамға қайтарымсыз грант беріледі деп жоспарланса, 64  адам алды, соның ішінде 12-сі атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан. Олар жеміс ағаштарын отырғызу, іс тігу цехы, сәндік салон, құс, мал шаруашылығы, құрақ көрпе тігу секілді кәсіп түрлерін ашты.

Фарида  Керешева атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарында болды. Өткен жылы "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға" арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бастапқы бизнесті іске асыру мақсатында қайтарымсыз мемлекеттік грант алу үшін өтініш берді. Кейін комиссия оң шешімін беріп, Ф. Керешева 555600 теңге қайтарымсыз грант алды. Сұлулық салонын ашуды жоспарлаған ол бүгінде өз ісімен айналысуда. Биылғы жылдың ІІ тоқсанынан бастап  табыс көзінің жоғарылауына байланысты атаулы әлеуметтік көмек  алушылар  қатарынан алынды.

Ағымдағы жылы тіркелген заңды және жеке тұлғалармен жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ іске қосылған өндірістерді кеңейту есебінен 802 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтылады деп жоспарланған 864 адамның 558-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Атап айтар болсақ, 54 адам ауыл шаруашылығы, 219-ы құрылыс, 4-еуі көлік жүргізу, 275 адам көтерме және бөлшек сауда саласына, екі адам денсаулық сақтау, төрт адам экономикалық қызметтің басқа түрлеріне орналасса, 244 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның 3-бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша.

Жұмыспен қамту шараларымен 857 адам қамтылды. Соның ішінде 28 адам жастар практикасына, 38 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 233 адам қоғамдық жұмысқа тартылған болса, 403 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Темірлан Қуанов былтыр халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжіндегі ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану мамандығын бітірді. Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы мамандығы бойынша жастар практикасына қатысуға ниет білдірді. 2020 жылдың  маусым айының 1-інен бастап «Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жастар практикасына жолданды. Сол мекемеде өзін жақсы жағынан көрсеткен Темірлан іс-жүргізуші лауазымына тұрақты жұмысқа қабылданды.

 Дайындаған  Роза Сыйықова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале