4.04.2025, 11:30
Оқылды: 152

МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

Тегін дәрі-дәрмек белгілі бір аурулар кезінде беріледі. (Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар жекелеген санаттағы азаматтарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес, ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген).

WhatsApp Image 2025-04-04 at 11.46.55

Пациент өз емханасына барып, диагнозын растау үшін тиісті тексерулерден өту керек. Ары қарай пациент диспансерлік есепке алынған болса, ол рецепт бойынша жеке куәлігін көрсетіп, емхана жанындағы дәріханадан тегін дәрілер алады.

WhatsApp Image 2025-04-04 at 11.48.01 WhatsApp Image 2025-04-04 at 11.49.19

Кей жағдайда қажетті дәрі-дәрмектер болмай қалады. Бұл жағдайда, «СК-Фармация» байланыс орталығына 1439 нөмірі арқылы жүгінген жөн.
Бұдан бөлек, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Telegram-дағы @SaqtandyryBot, Қордың msqory.kz ресми сайты, eotinish арқылы өтініш қалдыруға болады.

Сымбат Қыпшақбай,

халықты ақпараттандыру және өтініштерді
қарау бөлімінің бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале