14.04.2025, 16:00
Оқылды: 76

МӘМС есебінен аз инвазивті ота жасалады

Бүгінгі таңда аз инвазивті отаны, яғни науқастың денесі кесілмей жасалатын отаны батысқазақстандық дәрігерлер де жиі жасауда. Мұндай операция пациенттің денсаулығына кері әсерін тигізбейді және операциядан кейінгі асқынулар қаупін азайтады.

WhatsApp Image 2025-04-14 at 17.08.05

Қалалық көпбейінді аурухананың эндоскопиялық орталығында 54 жастағы пациентке аз инвазивті ота жасалды. Пациенттен тоқ ішектің полипі диагнозы анықталған соң, емханадан жолдама беріліп, аталмыш ауруханада МӘМС есебінен тегін ем қабылдады.

Тоқ ішектің полипі — бұл ішектің ішкі қабатынан өсетін қатерсіз ісік тәрізді құрылым. Кейбір полиптер уақыт өте келе қатерлі ісікке (колоректалды қатерлі ісік) айналуы мүмкін, сондықтан оларды дер кезінде анықтап, алып тастау өте маңызды.

Эндоскопиялық орталықта жыл басынан бері МӘМС есебінен 170 астам адамға жоспарлы ота жасалған.

 

Сымбат Қыпшақбай,

халықты ақпараттандыру және өтініштерді
қарау бөлімінің бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале