Қалалық көпбейінді ауруханада "Жоспарлы хирургия" бөлімі 2023 жылы шілде айында ашылды.
Сурет: egemen.kz
МӘМС қоры есебінен бөлім ашылғалы бері 282 ота жасалған. Олардың бәрі жоспарлы түрде жасалады.
Ал 2024 жылдың қаңтар және ақпан айында 160 адамға ота жасалды. Лапроскопиялық әдісімен түрлі оталар атқарылады.
Сонымен қатар аталмыш бөлімде күйіктен немесе жарақаттан соң адам денесінде пайда болатын ақауларға пластикалық оталар да жасалады.
Сымбат Қыпшақбай,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ бас сарапшысы