Қазақстан Республикасы Президенті Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл құжат жарналар көлеміне, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне қатысты маңызды өзгерістер енгізеді. Жаңа нормалар жүйеге қалай әсер етеді? Осы және өзге де сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Сандуғаш Қиясбайқызы жауап берді.

– Жақында Президент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл құжат жүйеге қандай өзгерістер әкеледі?
– Иә, Мемлекет басшысы қол қойған заң бірқатар маңызды өзгерістерді қамтиды. Ең бастысы – әлеуметтік әділдік пен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне табысы өте төмен, яғни «Д» және «Е» санатындағы азаматтар – шамамен 1 миллион адам қосымша тартылады. Бұл – олардың МӘМС арқылы жоспарлы медициналық көмек алуына жол ашылады деген сөз. Осылайша, табысы төмен халықтың тағы 5%-ы медициналық көмекпен қамтылмақ.
– Бұл азаматтар үшін жарналарды кім төлейді?
Халықтың осы санаттары үшін жарналар осы азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады.
Бұдан басқа, ЖАО-ның жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тікелей жауапкершілігін ескере отырып, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған шығыстар да жергілікті бюджеттерге жүктелетін болады.
– Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысындағы сақтандырылған азаматтардың ахуалы қандай?
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында 585 849 адам (84,4 %) сақтандырылған, оның ішінде 393 079 адам халықтың жеңілдетілген санаттарына жатады, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетеді. МӘМС жүйесінен тыс 108 085 жуық адам қалады, оның ішінде 82 871 адам жағдайы жақсы және қанағаттанарлық өмір сүру деңгейі бар азаматтар.
Отбасының цифрлық картасы мәліметіне сүйенсек 25 214 жуығы әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық (Д) және шұғыл (Е) деңгейлеріне жататын азаматтар болып табылады, сонын ішінде әлеуметтік қамсыздандырудың дағдарыс және төтенше деңгейлеріне жататын 10 193 адамға 2026 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен жарна төленетін болады.
– МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін қандай шаралар қарастырылып отыр?
-Заңнамаға сәйкес, мемлекет МӘМС жүйесінде жеңілдігі бар санаттарға жататын азаматтар үшін жарна төлейді. Бұл жарналар республикалық бюджеттен бөлініп, балалар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер және тағы басқа 15 санаттағы азаматтардың медициналық көмек алуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда МӘМС жүйесіне төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшері ең төмен деңгейде – 2025 жылы 2%. Салыстырмалы түрде, басқа елдерде бұл көрсеткіш 9–14,5% аралығында. Жүйені бастапқы жобалау кезінде жарна мөлшерлемелері жоғарырақ болып жоспарланған, алайда жүйе іске қосылған кезде олар едәуір төмендетілген еді.
Алайда «Бірыңғай медициналық көмек пакеті» енгізіліп, МӘМС жүйесінде қосымша міндеттемелердің қосылуына байланысты жүйенің қаржылық жүктемесі күрт өсіп отыр. Осыған байланысты мемлекет тарапынан жарна мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру ұсынылуда:
Бұл:
* Жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарналарды ұлғайтпауға.
* Ұзақ мерзімді перспективада медициналық көмекті қаржыландырудың тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл жүйенің негізгі бенефициары - пациент. Біздің міндетіміз - оған уақтылы, сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету.
– Қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қандай өзгеріс болады?
- МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру ұсынылады.
Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ЕТЖ-дан аспайтын сомадан, ал қызметкерлер - 20 ЕТЖ-ға дейінгі сомадан аударатын болады.
Бұл шешім бір уақытта мынаған мүмкіндік береді:
1. Бизнес пен азаматтарға жүктемені азайту,
Cалық салынатын базаның жаңа шегін жүргізу:
Жүйенің әділдігін арттырады: қазір табысы жоғары адамдар пропорционалды түрде аз төлейді.
МӘМС қаржылық тұрақтылығын нығайтып, 2026 жылы қосымша 200 млрд теңгені қамтамасыз етеді.
– МӘМС жүйесінен уақытша шығып қалған азаматтарға жеңілдік қарастырылған ба?
– Иә. Бұрын азаматтар уақытша төлемеген жағдайда, үш айдан соң сақтандыру мәртебесінен айырылатын. Енді бес жыл бойы үздіксіз төлем жасаған азаматтар алты айға дейін мәртебесін сақтай алады. Бұл – уақытша қиындыққа тап болған адамдарға жасалған маңызды қолдау.
2027 жылдан бастап Қазақстан барлық тараптардың - мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігінің неғұрлым жоғары дәрежесімен толыққанды сақтандыру моделіне көшуді жоспарлап отыр.
– МӘМС жүйесіне әлі кірмеген еңбекке қабілетті азаматтар үшін қандай шарттар ұсынылады?
– Оларға арналған төлем шарттары бұрынғыдай – айына 4 250 теңге немесе жылына 51 000 теңге. Бұл – салыстырмалы түрде қолжетімді сома. Жаңа заңның мақсаты – барша қазақстандықтар үшін медициналық көмекті қолжетімді ету және жүйеге әділдік пен сенімділік енгізу.
Айына 4250 теңге немесе жылына 51 000 теңге.
Бұл шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бекітілген ортақ жауапкершілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық көмекке әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді ең әлеуметтік осал азаматтар медициналық көмекті кедергісіз ала алады.
-Бұл шара қанша қазақстандыққа әсер етеді?
-МӘМС жарналары табысы 3 млн 400 мың теңгеден асатын 20 мың қызметкер үшін ғана ұлғаяды. Бұл елдегі барлық жалдамалы жұмысшылардың 0,36%-ын құрайды.
Жалпы, бұл норма 850 мың теңгеден астам табысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-ына әсер етеді. Жұмысшылардың 91%-ы үшін ештеңе өзгермейді.
-МӘМС жүйесіндегі қазіргі жағдай қандай?
-Бүгінгі таңда орташа жалақысы 300 мың теңге болатын қызметкерлер МӘМС жарнасын 6 мың теңге немесе табыстың 2% деңгейінде төлейді.
Орташа жалақыдан 5 есе жоғары 1,5 млн теңге кіріс кезінде 10 ЕТЖ (850 мың теңге) жоғарғы шегі іске қосылады, сондықтан жарна 17 мың теңгеден немесе табыстың 1,1%-ынан аспайды.
Орташа жалақыдан 10 есе жоғары 3 млн теңгедегі табыстан МӘМС жарнасы 17 мың теңгеге немесе табыстың 0,6%-на тең болып қалады.
– Бірыңғай медициналық көмек пакеті дегеніміз не және ол не береді?
– Президент 2024 жылғы Жолдауында осы бастаманы ұсынған болатын.
Қабылданған өзгерістерге сәйкес, онкологиялық скринингтер 2026 жылдан бастап ТМККК тізіміне өтеді және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады. Сондай-ақ, 8 әлеуметтік мәні бар ауруға (туберкулез, АИТВ, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, орфандық аурулар, жедел миокард инфаркті, инсульт) күдік туындаған жағдайда консультативтік-диагностикалық көмек те тегін көрсетілетін болады. Бұған дейін мұндай көмек тек АИТВ мен туберкулезге күдік болғанда ғана ұсынылатын.
2026 жылдан бастап МӘМС-тің базалық пакетіне амбулаторлық диализ, сондай-ақ динамикалық бақылауды қажет ететін созылмалы аурулардың 12 тобы бойынша консультативтік-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы түрде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек кіреді. Аталған аурулар тізбесіне бауыр аурулары; қан мен қан түзуші ағзалар аурулары; жоғарғы асқорыту жолдарының аурулары; инфекциялық емес энтерит пен колит; артропатиялар, дорсопатиялар; қалқанша безі аурулары; қуық асты безінің гиперплазиясы; сүт безінің қатерсіз дисплазиясы; әйелдердің жыныс мүшелерінің қабынусыз аурулары; бронхөкпе дисплазиясы; жүректің туа біткен ақаулары; даму ақаулары жатады.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамасындағы соңғы өзгерістер сапаға қалай ықпал етеді?
– Жаңа заң аясында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне медициналық көмектің сапасын бақылау жөніндегі қадағалау функциясы берілді. Енді заңсыз қызмет түрлеріне, стандарттардан ауытқушылықтарға жедел әрекет ету мүмкіндігі пайда болды. Бұл пациенттердің құқықтарын қорғап, жалпы жүйенің сенімділігін арттырады.
- 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер енгізіледі??
- 2026 жылдан бастап ЕТЖ мөлшерін ескере отырып, МӘМС-ке жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жарналары мен аударымдарын есептеу үшін соманың жоғарғы шегі:
Қызметкерлер үшін-1,7 млн теңге және ең жоғары аударымдар айына 34 мың теңгені құрайды;
Жұмыс берушілер үшін - 3,4 млн теңге және ең жоғары аударымдар айына 102 мың теңгені құрайды.
Есте сақтау маңызды! Жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарна мөлшерлемесі өзгермейді. МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін кірістердің жоғарғы шегі ғана көтеріледі.
-Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында қанша медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде??
Батыс Қазақстан облысында бүгінде 56 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде, оның ішінде 18 жеке меншік мекемелер. Бұл ауыл тұрғындарына қолжетімді, сапалы әрі таңдауы мол медициналық қызметтерге жол ашып отыр.
Медициналық ұйымдарға тіркелген тұрғындар саны 693 934 адам, оның ішінде ауылда тұратындар 283 058.
– Ал 2027 жылдан бастап сақтандыру жүйесінде тағы қандай өзгерістер болады?
2027 жылдан бастап Қазақстан барлық тараптардың - мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігінің барынша жоғары дәрежесімен толыққанды сақтандыру моделіне көшуді жоспарлап отыр.
Бұл шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бекітілген ортақ жауапкершілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық көмекке әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– Осы өзгерістердің нәтижесінде медициналық көмектің қолжетімділігі қалай артады деп ойлайсыз?
– Мемлекет қолға алып отырған бұл өзгерістердің басты мақсаты – медициналық көмекті халыққа неғұрлым әділ, қолжетімді әрі сапалы ету. Әлеуметтік осал топтарды қамту кеңейтіліп жатыр, табысы жоғары азаматтар жүйеге көбірек үлес қосады, ал азаматтардың басым көпшілігі үшін бұрынғы жарна тәртібі сақталады.
МӘМС – бұл тек төлем жүйесі емес, қазақстандықтардың денсаулығына салынған инвестиция. Әрбір азаматтың жауапкершілігі артқан сайын, медициналық қызметтің сапасы мен уақтылығы да соғұрлым жақсарады.
Біздің басты мақсатымыз – әрбір адамның уақтылы, сапалы және тиімді медициналық көмек алуына жағдай жасау. Сондықтан барлық азаматтарды МӘМС жүйесіне қатысуға және өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырамыз.
Сымбат Жанабергеновна