Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда:
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр - Отан қорғаушы күні
9 мамыр - Жеңіс күні.
Осылайша қазақстандықтар мереке күндері төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, оның демалысы 8 мамырға ауысады.
Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.