Көктемнің соңғы айы қазақстандықтарды көп демалысымен қуантады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Мамырда Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:
Бұл мерекелер жұмыс күндеріне сәйкес келеді, яғни қалыпты демалыс күндеріне тағы бірнеше демалыс күн қосылады.
2025 жылғы 1 мамырда қалай демаламыз?
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
2025 жылғы 7 және 9 мамырда қалай демаламыз?
Аптаның ортасында Отан қорғаушылар күні, ал соңында Жеңіс күні атап өтіледі.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
Алты күндік жұмыс аптасы үшін:
Демалыс күндері ауыстырыла ма?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған, соның ішінде 11 мамырды 8 мамырға ауыстыру да жоспарланбаған.
Мамырда қанша күн демаламыз?
Бес күндік жұмыс аптасындағылар мамырда мереке күндерін қосқанда 12 күн демалады. Қазақстандықтар осы айда 19 күн жұмыс істейді.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 8 күн демалыс алады. Олар үшін 23 жұмыс күні болады.