12.11.2025, 13:00
Оқылды: 45

Маңғыстау облысында түйе сүтін өндіретін заманауи цех ашылды

Өңірде «Қарағантүбек» серіктестігі түйе сүтін сауу және өңдеу бойынша жаңа цехты іске қосты, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

_gluster_2025_11_12_6f2c8caee4c8db0fbebb7d36b35e7b47_1280x720

Жобаның жалпы құны – 600 млн теңге.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа нысанның басты артықшылығы – сауу процесінің толық автоматтандырылған технологиясын қолдануы. Бұл өнім сапасы мен гигиеналық талаптардың жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді. Қондырғылар Германиядан әкелінген және заманауи халықаралық азық-түлік өнеркәсібі стандарттарына толық сәйкес келеді.

_gluster_2025_11_12_2c4e66ccfadfa8e415c09f5fd3d79f37_1280x720

Аймақтың климаттық ерекшеліктері мен су тапшылығын ескере отырып, кәсіпорын өзіне қажетті суды дербес жүйе арқылы қамтамасыз етеді. Өндірістік мақсатта 150 метр тереңдікте ұңғыма бұрғыланған, ал алынған су көп сатылы сүзу және тазарту жүйесінен өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале