12.06.2023, 11:45
Оқылды: 46

Маңғыстауда жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

Маңғыстауда жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты. Салдарынан екі адам зардап шекті,  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

3af78cb6-fd97-448e-b987-e1239cc6b7e7

Фото: podslushano_aktau

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасының суреті тараған. Жергілікті полиция департаментінің өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

ПД мәліметінше, оқиға 8 маусымда сағат 16.54 шамасында Мұнайлы ауданындағы теміржол өткелінде болған.

"Лада-15" автокөлігінің иесі пойызға жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан екі адам зардап шеккен. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен адамның бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді", - дейді ПД өкілдері.

Полиция мәліметінше, "Лада-15" иесіне әкімшілік хаттама толтырылған.

 

С. Сатыбалдина

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале