13.01.2025, 10:45
Оқылды: 108

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасының ресми сайты хабарлады. 

4cfbbae6-01b1-4008-a945-53f741afd041

Сурет: telegram.org

Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.

Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд. теңге айыппұл салынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале