Батыс Қазақстан облысы аумақтық референдум комиссиясының құқық қорғау органдарымен бүгінгі бірлескен жұмыс отырысы «Азаматтардың конституциялық сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы өзара іс-қимыл туралы» тақырыбына арналды. Шараға аудандық АРК төрағалары, аудандар мен Орал қаласының прокурорлары, ішкі істер бөлімдерінің бастықтары селектор режимінде қатысты.

Мәжілісті ашқан БҚО АРК төрағасы Әділ Жоламанов республикалық референдумды өткізудің күнтізбелік жоспарының орындалу барысын айтып берді. БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Умарғалиев өз сөзінде өзара іс-қимыл алгоритмін басшылыққа ала отырып, конституциялық заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау талаптарына тоқталды. Соның ішінде дауыс беруші азаматтардың тізімдерінің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау, арыздар мен шағымдарды қарау мәселелері ерекше назарда болуы керек. Бұл туралы БҚО департаменті бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев, БҚО АРК мүшесі Мағрипа Нигишева және Орал қалалық АРК төрағасы Мұхтар Дәулетжановтар да ұсыныстарын білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша азаматтардың еркін таңдау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсынымдар негізінде тиісті шешімдер қабылданды.

Батыс Қазақстан облысы аумақтық референдум комиссиясы