14.09.2021, 17:04
Оқылды: 40

«Марабай таным» жобасы жалғасын таппақ

14 қыркүйек күні Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Марабай Құлжабайұлының мұрасын кеңінен зерттеу, насихаттау, есімін мәңгіге сақтау, Батыс Қазақстанда жыраулар дәстүрін жалғастыру мақсатында «Марабай тағылымы» республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

8ec79f13-cf24-4da0-af69-646abd19f733

ОғанАлматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау қалалары және Батыс Қазақстан облысының елімізге танымал фольклортанушы, ғалым, доцент, профессор, жыршы, өнер зерттеушілері және зерттеу барысында жырау жайлы мағлұматтар айтқан өңір тұрғындары қатысты.

– Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «DANAgaz» журналының редакторы Нұрлан Сәдір бастаған мамандар жыраудың туған жерін, өскен ортасы мен шежіресін нақтылау, ұрпақтарын анықтау мақсатында Бөрлі ауданының Ақсу, Шыңғырлау ауданының Тіксай ауылдарын аралады. Сонымен қатар шығармашылық байланыс және жырау мұрасын зерттеу мақсатында Қостанай облысының Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейі, Көкшетау қалалық Мәлік Ғабдуллин атындағы тарихи-мемориалдық музейі және Ақтөбе облыстық Қобыланды батыр мемориалдық кешені басшыларымен,ғылыми қызметкерлерімен кездесіп, мағлұматтарға қол жеткізді, - деп облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов сөз бастағаннан кейін ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «DANAgaz» журналының редакторы Нұрлан Сәдір Марабай Құлжабайұлының шығу тегі, өмірбаяны, шығармашылығы хақында баяндама оқыды.

4fec10e9-cc93-40fb-870a-ba5a9b63a9ad

– Эпик жыршы Марабай ҚұлжабайұлыБаймағамбет сұлтанның алдында Шернияз Жарылғасұлымен айтысқан деген дерек бар. Мен бұған үлкен күмән келтіремін. Күмән келтіретін себебім, Баймахамбет Айшуақұлы 1846 жылы қайтыс болды.

c2f4aec0-d3d2-4826-ba3d-5ee8d7a2f321

Осы дерекке сүйенсек, Марабай бес жасында Шернияз Жарылғасұлымен айтысқан боп шығады. Бес жасар баланың Шернияз Жарылғасұлымен айтысуы ақылға сыймайды, - деп Марабай жыраудың шығармашылығы әлі де біраз зерттеуді қажет ететінін, алдағы уақытта жырау мұрасын жарыққа шығару үшін тынбай еңбек ету керектігін тілге тиек етті.

80f23d27-ba7b-4214-b898-931d1793d38c

Конференция барысында Қазақстан Жазушылар одағының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының және әдебиет саласындағы Президенттік стипендияның, «Құрмет» орденінің иегеріСветқали Нұржан (Ақтау қаласы), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, жыршы өнер зерттеушісі Алмас Алматов (Нұр-Сұлтан қаласы), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бибайша Нұрдәулетова (Ақтау қаласы), Халықаралық ТҮРКСОЙ-дың «Мұрагер», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, фольклортанушы ғалым, доцент, эпик жыршы Берік Жүсіпов (Алматы қаласы), ҚР айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, жыршы, өнертанушы Күнқожа Қайролла (Алматы қаласы), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Роза Мұхамбетқалиева (Орал қаласы), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Рухани жаңғыру» институның директоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Абат Қыдыршаев өз ойларын ортаға салып, өлең, жыр, жырау және Марабай мұрасын жандандырудың маңызы жайлы сөз қозғады. Осы шараға арнайы атсалысқан қонақтарға, Марабай мұрасын зерттеуге көмектескен белсенді азаматтарға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың алғыс хаты табысталды.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале